Девальвациядан соң турфирмалар бағаны арзандатты

Amori tour туристік фирмасының директоры Махаббат Ахметова. Алматы, 20 наурыз 2014 жыл.

Кенеттен болған девальвациядан соң қарапайым қазақстандықтардың көбі туристік сапарлардан бас тарта бастады. Жолдамаға сұраныс азайған соң туристік фирмалар да бағаны арзандатып жатыр.
Қызылорда қаласының 63 жастағы тұрғыны Сара Камалова мен күйеуі жыл сайын шетелге барып демалуға тырысады. Биыл жолдама бағасы біраз арзандаған соң екеуі Үндістанды таңдап отыр.

– Алты балам бар. Бәрі есейіп кеткен. Балаларымның арқасында әлемнің көп елін араладым, - дейді Сара Камалова Азаттық тілшісіне.

Ал биыл жолдама бағасы арзандағанын естіп, Сара Камалова мен күйеуі жаздың ортасына қарай Үндістанға сапар шекпек.

ҰСЫНЫС

Алматы қаласындағы туристік фирмалар ақпандағы теңге девальвациясынан кейін көп клиентінен айырылып, табысы азайған соң абыржи бастаған.

Туристік маршруттарды жоспарлап, ұшақпен ұшу, қонақүйлерге орналастыру сияқты саяхатқа қатысты мәселелермен айналысатын «Компас» туристік операторы теңге

Қызылорда тұрғыны Сара Камалова. 19 наурыз 2014 жыл.

девальвациясынан кейін көп клиентінен айырылған. Осы себепті фирма жолдама сатып алып жүрген турагенттіктермен өз клиенттеріне 10 пайызға жеңілдік жасау жөнінде келіскен.

Қалада мұндай жеңілдік жасап отырған туроператорлар көп. Алматылық «Ақ жол» фирмасы Оңтүстік-Шығыз Азия бағыты бойынша Тайланд, Шри-Ланка елдеріне сатылатын «горящий» жолдамалар бағасына жеңілдік жасайтынын хабарлады.

«Stravel» туристік операторы да клиенттерін қуантып, «горящий» турлардың ғана емес, клиенттер ерте тапсырыс берген жолдамаларға да жеңілдік жасады. Фирма қызметкерлерінің айтуынша, жолдама құнын турагенттіктер белгілейді. Егер олар жолдаманы доллар курсымен сатса, бағасы өзгермейді, ал теңгемен сатса, жолдама құны қымбаттайды.

СҰРАНЫС

Amori tour туристік фирмасының директоры Махаббат Ахметованың Азаттық тілшісіне айтуынша, теңге девальвациясы туризм саласын екі есе шығынға ұшыратты.

Қазір қазақстандық туризм дағдарыс жағдайында. Жұрттың көбі, оның ішінде ақшасын депозитте сақтаған корпоративтік клиенттеріміз зардап шекті, - дейді Махаббат Ахметова Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, клиенттер саны азайып, адамдар ақшасын үнемдей бастаған. Бұрын жайлылығы жоғары қонақүйлерге сұраныс көп болатын, қазір жұрт арзандау қонақүйге тапсырыс береді. Ұшақ билеттері теңгемен сатылады, ал турист шетелде

Үндістанға келген шетелдік турист әйел жергілікті діни салт-жоралғымен бата алып тұр. Харидуар, 11 ақпан 2010 жыл.

қонақ үймен доллармен есеп айырысады. Ол «жұрт енді сапарға көп шықпайтын болады» дейді.

Amori tour фирмасы өз қызметінің ақысын қымбаттатпауға тырысып отыр. Бірақ фирма директорының айтуынша, бұл «жомарттығы» фирманы шығынға батыруы мүмкін. Ал Қызылорда қаласының тұрғыны Сара Камалова сияқты тұрақты клиенттерге қазір біраз жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігі туды.

Алматы қаласында 700-ге жуық туристік фирма жұмыс істейді. Қазақстандық туристер арасында көбінесе Түркияға жолдамаға сұраныс көп. Екінші орында – Египет, сосын Греция, Италия және Чехия елдері.