Шөлмектен салынған монша

Тұрмағанбет ауылындағы Зәріп Нысанбековтың 2005 жылы бос шөлмектерден салған моншасы. Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, 13 мамыр 2015 жыл.

Шөлмектен салынған монша ішіндегі жуынатын жер.

Ерекше монша осындай шыны шөлмектерден тұрғызылған.

Зәріп Нысанбековтың айтуынша, монша салуға жеті мыңнан аса бос шөлмек жұмсалған.

Шөлмектерден салынған моншаның су қайнататын қазандығы.

Шөлмектерден салынған моншаның сыртқы қабырғасын қызықтап тұрған бойжеткен. Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, 13 мамыр 2015 жыл.

Қазір аптасына екі рет жағылатын моншаға ауыл тұрғындары адам басына 250 теңге төлеп суға түсетінін айтады монша иесі.

Тұрмағанбет ауылының тұрғыны Зәріп Нысанбеков шыны шөлмектерден өзі салған моншаны көрсетіп тұр. 

Зәріп Нысанбеков алдағы уақытта үйінің ауласынан 18 мың шөлмектен шағын баспана салу жоспары барын айтады.