Құқық қорғаушылар: Қазақстанда азаптау фактілері тексерілмейді

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда былтыр 6 айдың ішінде тұтқындарды азаптау және оларға қатыгездік көрсету бойынша 350 қылмыстық іс қозғалған. Бірақ сотқа ол істердің төртеуі ғана жетіп, колониялардың 12 қызметкері сотталған. «Халықаралық түрме реформасы» ұйымы мен қоғамдық бақылау комиссиялары өкілдері «Қазақстанда түрмелердегі азаптау фактілері тексерілмейді, сондықтан әлдебір жаңа механизм енгізетін уақыт жетті» деп мәлімдеді.