Түрмеден бостандыққа шыққан Макс Боқаев Назарбаевты сынады

Your browser doesn’t support HTML5

2016 жылғы жер митингілерінен кейін 5 жылға сотталған Макс Боқаев 4 ақпанда Атырауда түрмеден шықты. Құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп атаған Боқаевты ондаған адам қарсы алды. Макс Боқаев бостандыққа шыққан бетте Атыраудың орталық алаңына барып, халық билікке талабын митингіде қоюы тиіс деген пікір айтты. Ол жұртты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан "жаңа Конституция қабылдауды" талап етуге үндеді.