Омурбек Текебаевтың жақтастары МҰҚК алдына жиналды

Your browser doesn’t support HTML5

Ақпанның 26-сы күні таңертең Бішкектегі «Манас» әуежайында ұсталған Қырғызстан парламенті депутаты, оппозициялық «Ата Мекен» партиясы лидері Омурбек Текебаевтың жақтастары Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті алдына жиналды. 48 сағатқа ұсталған Текебаевқа қатысты бұған дейін «алаяқтық» және «жемқорлық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оппозиция бұл істің саяси астары бар деп санайды. Депутат Аида Салянова «билік Текебаевтан қорыққандықтан осындай қадамға барды» мәлімдеді. Азаттықтың Қырғыз қызметінің видеосы.