Әлем картасында туристер демалатын жаңа бір аймақ пайда болды. Ол – Қырзбекстан (Kyrzbekistan). New York Times газетіндегі орфографиялық қатеден басталған қызық оқиғаның соңы аты да, заты да жоқ елдің өз Twitter парақшасын ашуға дейін өрбіді.
«Қырзбекстанның» парақшасында бұл елге саяхаттауға байланысты ақыл-кеңестермен қоса оның ойдан шығарылған тарихы, мәдениеті және сыртқы қарым-қатынасы туралы айтылған.
Тарихы мен мәдениеті ойдан шығарылған «Қырзбекстан» әлемдегі (ғаламтордағы) туристер ең көп қызығатын аймақтардың біріне айналды.
Жаңа «ел» New York Times газетінің бетіндегі орфографиялық қателіктің арқасында «пайда болған» еді. Мұнан соң әлемнің ең беделді басылымдарының бірі саналатын New York Times газетінің тарихындағы ең үлкен «қатені түзету» шарасы басталды.
Best @nytimes correction ever. And now @kyrzbekistan has it's own twitter page. #kyrzbekistanforever (via @runmeh) pic.twitter.com/pCYEuDay92
— Julie Song (@juliesong) January 8, 2015
Бірақ «Қырзбекстан деген ел жоқ» деп кесіп айтсаңыз, қателескеніңіз. Бар болғаны оның Twitter-дегі парақшасына көз салсаңыз және фоллоуерлер санының күн өткен сайын артып бара жатқанын ескерсеңіз, ондай аймақтың пайда болғанына шынымен сеніп қалуыңыз мүмкін.
@kyrzbekistan I found you. pic.twitter.com/jc0jkBEVhH
— Jose Pagliery (@Jose_Pagliery) January 8, 2015
Ол жерде ұлттық әнұранға ұқсас бір патриоттық әуенді тыңдап...
@kyrzbekistan corrected: "O, the plains of Kyrzbekistan call / that cliff-free land, so melon-rich..."
— Charles Bergquist (@cbquist) January 8, 2015
...немесе балалардың дәстүрлі тақпақтарын естіп...
Song from #Kyrzbekistan: Row, row boat, Gently down stream, Pain, anguish, cold, malnourish, Potato only dream. #kyrzbekistanJokes
— Tom Duffy (@techremedy) January 8, 2015
...Twitter-де Қырзбекстан деген «Алыс та болса жақын» (бұл «ұлттың» ұраны осындай) мемлекеттің бар екеніне иланып отырған бір қауым елді байқайсыз.
New York Times басылымы қателік жіберіп, жаңа ел «ойлап тапқан» соң Twitter-дің бетінде сондай аймақты «жасап шығарған» - газеттің негізін қалаушысы әлі құрметті президенті Джон Брэнч деген ақпаратты кездестіруге болады...
If anyone needs me, I'll be in @kyrzbekistan, which is only fitting, since I'm the one who made it up.
— John Branch (@JohnBranchNYT) January 8, 2015
Тіпті Қырзбекстан деген елге саяхат жасағысы келгендерге арнап Conde Nast туристік компаниясы арнайы сапар жадынамасын да жасап шығарған. Ол кітапшада «Қырзбекстан – барлық армандар орындалатын жер» деп жазылған.
Бірақ бұл «елге» сапарға аттанардан бұрын оның географиялық осал тұстарын байқап...
.@Navyharmer you may take cruise but please note, we are landlocked nation @HerbCarmen
— Kyrzbekistan (@kyrzbekistan) January 8, 2015
…оның тарихына, әсіресе «Қырзбекстан» мен «Австрания» арасындағы ұзақ жылдық соғысқа назар аударыңыз...
@kyrzbekistan Oh dear it's 1659 all over again. Remember the battle of the three widows. Enough said.
— Martin Hovezak (@MirrorOfMirrors) January 8, 2015
…және олардың мәдениеті мен дәстүр-салтын үйреніңіз.
Top five motifs of #kyrzbekistan poetry:
1. 🌀🌾
2. 🚬💂🇷🇺
3. 🐴
4. 🌌
5. 🐃🍵
— Kyrzbekistan (@kyrzbekistan) January 8, 2015
Бұл «елді» тауып бара қалсаңыз, мына қалаларға ат басын бұра кетіңіз...
Top three cities in #Kyrzbekistan:
1. Bishkent (capital)
2. Tashkek
3. Osh
— Kyrzbekistan (@kyrzbekistan) January 8, 2015
...немесе кең-байтақ даласын көріңіз.
Photo I took of Bactrian camels on my last trip to @kyrzbekistan. A beautiful land with wide open spaces pic.twitter.com/1ae4rHKnNH
— The Security Guy (@thesecurityguy1) January 9, 2015
Таңдауыңыз қайсысына түссе де сізде өмірдегі ең бір күрделі сұрақ төңірегінде ойлануға...
If a stalk of grass falls in #Kyrzbekistan and no horse sees it fall, has it really fallen? #kyrzbekistanworldproblems
— Kyrzbekistan (@kyrzbekistan) January 8, 2015
…және ұлттық кәдесыйларды алып келуге мүмкіндік болады.
Top exports of #Kyrzbekistan:
1. Electricity💡
2. Wool 🐑
3. Excellent mustaches 👨
— Kyrzbekistan (@kyrzbekistan) January 9, 2015
Майкл Сколлонның материалын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.