«Ауруханадан алып кетіп, қысым көрсеткен». Қызылордалық азаматтың туыстары әділдік сұрайды

Your browser doesn’t support HTML5

37 жастағы қызылордалық Нұрымжан Ақжігітов қаңтар оқиғасы кезінде көзінен жарақат алған. Ауруханада жатқан жерінен 7 қаңтар күні полиция алып кетіп, қамап тастаған. Туыстары Нұрымжанның тергеуде қысым көргенін айтады. Құзырлы органдар Азаттық сауалдарына жауап бермей отыр.