Бектауата көріністері

Аңызға қарағанда, Бек деген әулие кісі бұл таудағы үңгірлердің бірінде өмір сүрген.

Бұл маңда жартас та, жазық та, шағын сулар да бар.

Бұл жартасты қайнаған жанартаудан пайда болған деседі.

Жатаған жоталарға шығу қиын емес.

Бұл маңның жартасты таулары онша биік болмайды.

Геологтардың болжамынша, мыңдаған жылдар бұрын қайнаған вулкан тасты ерітіп, бірақ атылмай тұрып қалған - содан осы тау пайда болған.

Жел мүжіген жартастар әртүрлі кейіпке енген.

Саяхатшылар бұл жердің табиғатын "тура бір ертегідегідей" деп сипаттайды.

Сайдағы бұлақтан шығып жатқан тұщы суды жергілікті халық шипалы деп біледі.

Бектауата 4 мың гектардай жерді алып жатыр.