Солтүстік Кореяға сапар

Қазақстандық турист Уәлихан Қарасаев Пхеньян метросында тұр.

Пхеньянның жаңадан салынған әуежайы.

Пхеньян көшелерінен бір көрініс. Солтүстік Кореяның астанасы елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда әлдеқайда бақуатты көрінеді. 

Пхеньян метросынан бір көрініс

Таңертең партия ұранына қарауға шамасы келмей жұмысқа асыққан тұрғындар.

Пхеньяндағы жаңа ғылыми орталық ғимараты

Пхеньян ғылыми орталығына қойылған Ким Чен Ынның ағылшын тіліне аударылған толық шығармалар жинағы.

Пхеньяндағы Чучхе идеалдарына арналған ескерткіш. Чучхе - Ким Ир Сен негізін қалаған Солтүстік Кореяның балама коммунистік идеологиясы.

Пхеньяндағы Ким Ир Сен алаңы.

Пхеньянның Мансу төбесінде тұрған Ким Ир Сен мен Ким Чен Ирдің қоладан құйылған алып ескеркіштері. Монументтің артындағы ғимаратта Революция музейі орналасқан.

Шетелдіктермен тіке сөйлесуге рұқсат болмаса да, жергілікті тұрғындар туристерді көрген сәтте жымиып, қол бұлғап жатады.

Чучхе төбесінен қарағандағы Пхеньянның панорамалық көрінісі.