Мәслихат Нұр-Сұлтанға Астана атын қайтаруға келісті

Your browser doesn’t support HTML5

2019 жылы наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып, депутаттар қостаған Нұр-Сұлтан атауы қайта өзгеретін болды. Бүгін астананың мәслихаты бас қаланың бұрынғы атауын қалпына келтіру туралы шешімді бір ауыздан қолдап, дауыс берді.