Алматыда католиктер Пасханы қарсы алды

Your browser doesn’t support HTML5

Жексенбіге қараған түні Алматыдағы католик шіркеуінде Пасха мейрамына арналған діни рәсім өтті. Христиан дінінде Ғайса жерленген соң үш күннен кейін қайта тірілген қасиетті күн саналатын Пасхаға арналған шіркеудегі салтанатты мінәжатты Алматыдағы қасиетті үштік епархиясының епископы Хосе Луис Мумбиела Сиерра жүргізді.