Алматыдағы Пе́сах мейрамы

Балалар саусақпен сурет салып отыр.

Пе́сах тақырыбына арналған сурет конкурсына қатысушы балалар.

Бүлдіршіндер қылқаламмен сурет салып көріп жатыр.

«Римон» еврейлер қауымдастығы орталығы директоры Инесса Чугайнова мацаға арналған шоколадты пешке қыздырып тұр.

Балалар шоколад жағылған маца жеп отыр.

Қабырғада: «Еврей қауымдастығы орталығына ғимаратты Қазақстан еврейлері конгресінің президенті Александр Машкевич сатып әперген» деп жазылған.

«Мицва» ассоциациясы кітапханасында егде жастағы адамдар мерекелік дастархан басына жиналды.

Қазақстандағы еврей ұлттық ұйымдары «Мицва» ассоциациясының президенті Александр Барон.

Қазақстандағы еврей ұлттық ұйымдары «Мицва» ассоциациясының кітапханасы. «Мицва» президенті Александр Баронның айтуынша, Қазақстандағы өзге ұлттық орталықтардың кітапханаларымен салыстырғанда ең ірісі осында орналасқан.

Алматыда бүгін еврейлер Пе́сах мейрамын атап өтті. Азаттық тілшісі Қазақстандағы еврей ұлттық ұйымдарының «Мицва» ассоциациясы ұйымдастырған Пе́сах мерекелік шарасына қатысты.