Өртенген ғимарат, қираған банк. Наразылықтан кейінгі Иран

Тегерандағы наразылық кезінде өртенген ғимарат. Ел билігі бензин бағасын көтерген соң ірі қалаларда халық жаппай наразылыққа шықты. 

Шахрияр қаласындағы наразылық кезінде қаза тапқан Ислам революциясы сақшыларының корпусының мүшесін жерлеу рәсімі. Артқы пландағы ғимарат та наразылық кезінде қираған. 
 

Тегерандағы жанармай құю станциясы. Халықаралық ұйымдар наразылық кезінде екі жүздей адам мерт болғанын айтады. Иран билігі 12 адам қаза тапқанын хабарлады. 
 

Шахриярдағы қираған сауда орны. 

Shahr банкінің өртенген ғимараты. Шахрияр қаласы

Наразылық кезінде қаза тапқан әскеридің жерлеу рәсімі. Шахрияр қаласы.

Істен шыққан банкомат. Шахрияр қаласы.
 

Фотогалереядағы суреттердің көбі 20 қарашада түсірілген. 

Өртенген ғимарат. 

Шахрияр қаласындағы Иран ұлттық банкінің ғимараты да зақымданған. Иран билігі елдегі наразылыққа "сыртқы жауларды" айыптады.