Ресей оккупациясында болған Буча қазір қалай өзгерді?

2022 жылы наурызда Ресей Украинаға басқыншылығы үдей бастағанда Азаттықтың Украина қызметінің фототілшісі Сергей Нужненко Буча қаласында болған еді. Араға бір жылдан аса уақыт асқанда фототілші Бучаға қайта барды.

Буча қаласының негізгі көшесінің былтырғы 1 наурыздағы көрінісі. Киевтің солтүстік-батысында орналасқан Буча қаласында 2022 жылы ақпаннан наурыздың соңына дейін кескілескен шайқас жүрді. Кейін Украина әскері қаланы азат етті.

Бучаның негізгі көшесінде қазір жол жөнделіп жатыр. 2023 жылдың мамыры.

Буча тұрғыны бүлінген көпқабатты үйдің ауласында тұр. 1 наурыз 2022 жыл.

Сол көпқабатты тұрғын үйдің 2023 жылы ақпанда түсірілген суреті.

Буча тұрғыны Ольга Азаттыққа былтыр наурызда «әкем осы үйді салғанда жертөлені де қарастырған. Сол кезде ол «бірдеңе бола қалса бұл сендердің бомбадан тығылатын жерлерің» деген болатын. Басқыншылық басталғанда сыртқа қарап, танкілер ауламызды ата бастағанын көрдік. Біз жертөледе тығылып, жеті сағат отырдық. Үй маңына екі танк келгенде өмірімізбен қоштасқан едік. Кейін сыртқа шыққанымызды мына сұмдықты көрдік» деген еді.

Ольга былтыр наурызда осы жерде бас сауғалап қашып бара жатқан еді, қазір сол көше толығымен тазартылған. 2023 жылдың мамыры.

Бучадағы Вокзальная көшесіндегі үйінділер. 2022 жылдың наурызы.

Вокзальная көшесінің қазіргі көрінісі. 2023 жылдың мамыры. Америкалық Global Empowerment Mission қайырымдылық ұйымы Бучаны қалпына келтіруге атсалысты.

Вокзальная көшесінде қалған ресейлік танкісі. 2022 жылдың наурызы.

Вокзальная көшесі. 2023 жылдың мамыры.

Буча тұрғыны Наталья мен Рустем былтыр наурызда "сыртты қақтығыс болып жатқанда жертөледе отыру өте қиын әрі қорқынышты болды. Қауіпсіз жерде отырмыз десек те, не боларын білмедік" деген еді.

Наталья мен Рустем араға бір жылдай уақыт салып, үйлерін қайта қалпына келтіріп жатыр. 2023 жылдың ақпаны.

Вокзальная көшесіндегі аялдама. 1 наурыз 2022 жыл.

Аялдаманың қазіргі көрінісі. 2023 жылдың мамыры.

Бүлінген көпқабатты үй. 2022 жылдың наурызы.

Қазір бұл үйдің бүлінген тұсы толық жөнделген. 2023 жылдың наурызы.

Бучадағы бүлінген үй мен қираған танк. 2022 жылдың наурызы.

Қазір бұл жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 2023 жылдың мамыры.