Мұнайлы аудандар Жаңаөзенді қалай қолдап жатыр?

Your browser doesn’t support HTML5

Әлеуметтік желіде Жаңаөзен қаласында 2 қаңтарда басталған наразылықты мұнайшылардың қолдап жатқаны туралы видео көп тарады. Онда Маңғыстау облысы Қаламқас кен орнының, Атырау облысы Теңіз кен орнының, Атырау қаласы жұмысшылары мен жай тұрғындары тобымен шерулетіп бара жатқаны байқалады. Халық қымбаттаған газ бағасынан басқа да ұран көтеріп, жалақыны өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр. Арасында саяси ұран көтеріп жүргендер де бар.