Ресейдегі қарсылық

Мәскеудің Тверской көшесінде ұсталған шерушінің бірі. 

Мәскеудегі наразылық шарасына қатысқан азаматты ұстап жатқан полиция жасағы.  

Петербургтегі наразылық шарасына келген адамды ұстаған полиция қызметкерлері.  

Мәскеудегі Тверской көшесіне жиналған наразылар. Алексей Навальный шеруді Сахаров даңғылында өткізуден бас тартып, азаматтарды осы көшеге шақырған еді. Өйткені, бұл көшеде биліктің кезекті бір шарасы өтуі тиіс болған. Шеруге бара жатқан Навальныйдың өзін 12 маусым күні пәтерінің есігінің алдында полиция ұстап әкетті. Сол күні оның шеру өткізу тәртібін екінші мәрте бұзғаны үшін 30 тәулікке сотталғаны хабарланды.  

Мәскеу полициясы наразыларды ұстауға дайындалып тұр. 

Новосибирскідегі коррупцияға қарсы шеру. 

Петербург полициясының коррупцияға наразы азаматты ұстап, автобустарына апара жатқан сәті.  

Екатеринбург қаласындағы наразылар плакат көтеріп тұр.  

Новосибирскіде Ресей билігінің коррупцияға батқанын бейнелейтін "үйрек" ұшырылды. (Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің меншігі деген үйлердің бірінен Алексей Навальныйдың коррупциямен күрес қоры "үйректер үйшігін" тапқан еді)

Мәскеу полициясы Алексей Навальныйдың президент сайлауы науқанына қатысы бар символикасының суреті бар киім киген адамды ұстап жатыр.