Қысқы олимпиада ашылды

Your browser doesn’t support HTML5

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан аймағында 23-Қысқы олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Екі сағаттық рәсімді тамашалаған 35 мың көрерменнің ішінде спортшылар, жанкүйерлер мен мемлекет басшылары болды. Оңтүстік Корея бірінші рет әлемдік Қысқы олимпиада өткізіп тұр. Бұған дейін 1988 жылы Сеулде жазғы олимпиада ұйымдастырған.