Шымкенттегі ипподром дауы Нұр-Сұлтанға жетті. Белсенділер Тоқаевқа хат тапсырды

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкенттегі ипподром орнына көпқабатты үй салу дауы Нұр-Сұлтанға жетті. Бүгін бір топ қоғам белсендісі Ақордаға келіп, президент атына ашық хат тапсырды. Белсенділер жергілікті әкімдік тұрғындар пікірін елемей, құрылыс компаниясы мүддесін қорғап, ипподром орнына үй салмақ дейді. Жағдайдың жай-жапсарын Әсем Мұхитқызы баяндайды.