Жаназасына деп жиған ақшаға асфальт төсетті

Your browser doesn’t support HTML5

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында тұратын зейнеткер Тамара Мансурова жаназасына деп жиған 10 мың долларды көше жолын жөндеуге берді. 63 жастағы әйел жергілікті билік жөндеуге қаржы таппаған көшемен күнделікті шалшық кешіп жүруден мезі болған. Тамара «Алла деніме саулық берсе әлі жасармын, бұл ақшаны адамдардың игілігіне жұмсайын» деп шешкенін айтады. Зейнеткер қаржысына жөнделген көше жолын пайдаланып жүрген көршілері ризашылық білдіреді. «Осы шақ» бағдарламасының [орысша] видеосы.