Рахмонның жоғары биліктегі ширек ғұмыры

Эмомали Рахмон ұлы Рустаммен бірге. Рустам - қазір Душанбе мэрі.

Эмомали Рахмон. 1990 жылдардың іші. 

Президент Эмомали Рахмон (оң жақта) оппозиция жетекшісі, "Исламдық жаңғыру" партиясының басшысы Саид Абдулло Нуримен кездесіп тұр. Кейіннен елде бейбітшілік орнаған соң, 2006 жылы Нури қайтыс болғаннан кейін Тәжікстан бұл партияға тыйым салды. Душанбе. 16 желтоқсан, 1997 жыл. 

Тәжікстан оппозициясының жетекшісі, "Исламдық жаңғыру" партиясының басшысы Саид Абдулло Нури (сол жақта), Ресей президенті Борис Ельцин (оң жақтан - екінші) және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (оң жақта). Мәскеу.  27 маусым, 1997 жыл.

Президент Эмомали Рахмон (сол жақта) және оппозиция жетекшісі, "Исламдық жаңғыру" партиясының басшысы  Саид Абдулло Нуридің келісімге қол қойып отырған сәті. Мәскеу. 23 желтоқсан, 1996 жыл.

Тәжік президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) ТМД атқарушы хатшысы Борис Березовскиймен кездесіп отыр. Душанбе. 1998 жыл.

Президент Эмомали Рахмон (оң жақта) исмаилиттердің рухани жетекшісі Карим Агаханмен кездесуде. Душанбе. 5 шілде, 2004 жыл.

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов (оңнан солға қарай), Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу. 8 мамыр, 2007 жыл.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиевпен. Бішкек. 18 қыркүйек, 2007 жыл.

Президент сайлауы қарсаңында ілінген Эмомали Рахмонның портреті. Душанбе. 6 қараша, 2006 жыл.

Президент Эмомали Рахмон (оңнан солға қарай), Ресей президенті Дмитрий Медведев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев, Армения президенті Серж Саркисиян. Мәтібұлақ полигоны. Қазақстан. 16 қазан, 2009 жыл.

Президент Эмомали Рахмон ұлықтау рәсімінде. Душанбе. 16 қараша, 2013 жыл.

Эмомали Рахмонның алып портреті. Душанбе. 3 қараша, 2013 жыл.

Эмомали Рахмонның ауыл кітапханасындағы портреті.

Эмомали Рахмон қолын жуып тұр. Мурғаб.

Президент Эмомали Рахмон (сол жақта) Қытай басшысы Си Цзиньпинге шапан жауып тұр. Душанбе. 13 қыркүйек, 2014 жыл.

Иран президенті Махмұд Ахмадинежадпен (сол жақта) бірге.

Президент Эмомали Рахмон қызы Озода Рахмонованы марапаттап тұр. Озода қазір президент әкімшілігін басқарады. 28 тамыз, 2015 жыл.

Рогун с-электр станциясы үшін Вахш өзеннің арнасын бұру рәсімі кезінде президент Эмомали Рахмон бульдозерге отырып, құрылыстың ырымын бастап берді. 29 қазан, 2016 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қабірі басында.