ШҚО, Күршім ауданы: Көлге жұтылған Ақсуат ауылы

Your browser doesn’t support HTML5

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Ақсуат ауылына ауыз су, асфальт жол, мобильді байланыс сияқты игіліктер жетпеген. Іргедегі Зайсан көлінің деңгейі көтеріліп, елдімекеннің бір шетін су алған. Мал бағып, балық аулаумен күн кешетін ауылдан көшіп жатқандар көп. Мектепте 10 және 11-сыныптар жоқ. Азаттық тілшісі ауылдағы тұрмыспен танысып, тұрғындар пікірін тыңдап қайтты.