Ресейдегі азамат соғысының құпия бейнесі

Жүз жыл бұрын бүкіл Ресейді шарпыған соғыстың беймәлім суреттері

1917 жылғы большевиктер революциясы бес жылға созылған азамат соғысына ұласып, миллиондаған ресейліктің өмірін қиды.

Қақтығыс көбінесе Владимир Лениннің коммунистік революциясын қолдаған Қызыл армия мен Ресей монархиясын қалпына келтіруді я тым болмаса билікті коммунистерге беріп қоймауды көздеген қарулы топтар арасында жүрді.

Владимир Лениннің большевиктері билікті басып алғаннан соң көп ұзамай, 1918 жылдың жазында Ресей патшасы Александр ІІІ ескерткіші бұзылып жатқан сәт. Мәскеу орталығы.

Қызыл армия командирі Лев Троцкий 1919 жылы қазіргі Санкт-Петербург маңында солдаттарды қарсы алып жүр.

1918 жылы Қызыл Армия Қазан қаласына шабуылдап жатқанда коммунистер әскерінің қасында артиллерия снаряды жарылды.

Бұл галереядағы кей суреттер сол ұрыстың шынайы бейнесін көрсететін қолда бар жалғыз жәдігер саналады. Бұлар "музейлер мен жеке коллекциялардан" жиналған суреттердің көмегімен "Ресейдің біртұтас хроникасын" жасауды мақсат тұтқан russiainphoto.ru вебсайтынан алынды.

Ақтарға жақтасқан казак Иван Калмыков Ресейдің Қиыр шығысында жауға қарай оқ атып жатыр.

Босқындар 1919 жылы екі қабатты вагонға отырып, ұрыс алаңынан қашып барады. Соғыста қаза болғандардың көбі - бейбіт тұрғындар.

Михаил Аборин есімді қызыл армия жауынгерінің суреті бейнеленген ашықхат. Суретке "Қызыл армиядан сәлем!" деп жазылған.

Андрей Шкуро (отырған) Ақ армияның үгіт-насихат ұйымы мүшелерімен. 1919 жыл.

Ақ армияның жоғары қолбасшысы Андрей Шкуро осы сурет түсірілгеннен көп ұзамай Ресейден қашып кетті. Ұзақ жыл қуғында жүрген ол кейін Ресейді коммунизмнен азат ету мақсатында нацистік Германияның жақтасы ретінде қолына қару алды. 1945 жылы оны британ әскері қолға түсіріп, советтерге тапсырған. Шкуро өлім жазасына кесіліп, 1947 жылы үкім орындалды.

Қызыл армия қатарына шақырылғандарды медициналық тексеру. 1918 жыл.

Қызыл армияға адал қызмет етеміз деп ант берген жаңа солдаттар ауаға оқ атып тұр.

Қызыл армия қатарына өткендер "социализм мен бауырластықты қорғау жолында күш-қуатымды, өмірімді де аямаймын" деп ант берген.

Қызыл армия жауынгерлері от жанында ас ішуге жиналып отыр. 1919 жыл.

Ақ армия жауынгерлері траншеяда. 1919 жыл.

Ленин мен Карл Маркстің портреті тұрған жерде Қызыл армия жауынгерлеріне нан таратып жатыр.

Украинаның Одесса қаласындағы француздардың өткізу пункті.

Азамат соғысы кезінде Батыстағы одақтастар ақтарға көмектесуге тырысты. Басында Ресейді одақтастар жағында Бірінші дүниежүзілік соғысқа қайта қатыстыру үшін интервенция жасалды.

Одессадағы фабриканың алдында асылып тұрған жұмысшылар. Мәліметтер бойынша, оларды француз әскері дарға асқан. 1918 жылдың аяғы немесе 1919 жылдың басы.

Украинада тың тыңдап тұрған Қызыл армия жауынгері. 1919 жыл.

Қызыл армия әскері қазіргі Санкт-Петербург қаласы маңындағы Кронштадт теңізшілерін шабуылдау үшін мұз қатқан Финн бұғазынан өтіп барады. 1921 жыл, наурыз.

Теңізшілер большевиктердің саяси ұстанымына қарсы шыққан соң оларға шабуыл жасалды. Ұрыс кезінде мыңдаған теңізші Финляндияға қашып үлгерді, 1 мыңнан астам адам большевиктердің қолына түсіп, кейін өлім жазасына кесілді. Бұл – Ресей жеріндегі большевиктерге қарсы ең ірі көтеріліс. Көп ұзамай большевиктер толық коммунистік диктатура орнатты.