Қазақстанда қудалауға түскен журналистер

Your browser doesn’t support HTML5

Баспасөз құқығын қорғайтын ұйымдар Қазақстанда тәуелсіз басылымдар мен журналистерге қысым көрсету жалғасып жатқанын айтады. Жылға жетпейтін уақыт ішінде елде Журналистер одағы төрағасы мен ҚазТАГ ақпарат агенттігі жетекшісі ұзақ мерзімге сотталды; оппозициялық газет редакторы тергеу абақтысында отыр; журналистер құқығын қорғаушыны пышақтап кетті; ал кей журналистер елден кетуге мәжбүр болған. Азаттықтың шолуы.