Тоқаев "митингіге шығу жеңілдеді" дейді. Белсенділер келіспейді

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде митингіге шығу жеңілдеді деп есептейді. Бірақ Нұр-Сұлтан әкімдігі былтыр түскен 177 өтініштің 10-ына ғана рұқсат берілгенін айтады. Ал митингіге шығып, полициядан қуғын көрген белсенділер "президент сөзі өтірік" деп отыр.