Тоқаев жолдауын мәжбүрлеп насихаттатпақ па?

Your browser doesn’t support HTML5

Нұр-Сұлтанда ғалымдар билікті "президент жолдауын қолдау үшін әкімшілік ресурсты пайдаланып отыр" деп айыптады. Олардың сөзінше, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне жоғары білім министрлігінен арнайы нұсқау келген. Министрлік те, университет те бұл ақпаратты жоққа шығарады.