Қазақстан-Иран теміржолы

Your browser doesn’t support HTML5

Желтоқсанның 3-інде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Иран президенті Хассан Роухани және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстанда Өзен-Берекет-Горган теміржол желісін ашты. 900 шақырымдық темір жолдың 146 километрі Қазақстан арқылы өтеді. Жаңа теміржол желісі Қазақстан, Қытай, Ресей және Беларусьті Парсы шығанағына және Иранның теңіз порттарына жалғайды. "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының дерегінше, жолдың қазақстандық бөлігін салуға 60 миллиард теңге жұмсалған. Видео түркімен мемлекеттік телеарнасынан алынды.