Қираған Лисичанск: Украина шығысындағы тағы бір қала Ресей бақылауына өтті

Ресей қолдайтын сепаратист Лисичанск орталығына Совет одағынан нышандары бар туды іліп жатыр. 4 шілде 2022 жыл. 
 

Ресей шабуылынан қираған Мемлекеттік тау-кен техникумы. Ресей әскері қаланы артиллериялық қарудың көмегімен басып алды. 

Лисичанск тұрғындары қаладан әкететін эвакуацияны күтіп тұр. 

Украина әскері бұл қаладан шығуға мәжбүр болып, Ресей Луганск облысына толық бақылау орнатты. 

Украина билігі соғыстан соң елді қалпына келтіруге кемі 750 млрд доллар керек деп мәлімдеді. 

Лисичанск қаласында жүрген сепаратистер. 

Луганск облысындағы Северодонецк және Лисичанск қаласын байланыстырып тұрған көпірдің бірі. Ресей екі қаланы жалғап жатқан үш көпірді де қиратты.