Трамптың ашулы жақтастары Капитолийге қалай басып кірді?

Трамптың ашулы жақтастары Капитолий ішінде жүр. Осы жердегі атыстан бір әйел қаза тапты. Жергілікті басылымдардың жазуынша, Капитолий ішінде оқ тиген әйел ауруханада көз жұмған. Ол Трамптың жақтасы болған және АҚШ әуе қарулы күштерінде жұмыс істеген.

Ондаған адам полиция кордонын бұзып өтіп, шлагбаумдарды қиратып, ғимаратқа басып кірді.

Трамптың ашулы жақтастары дауыс санау болып жатқан сенат залына дейін жетті. Капитолий полициясы оқ атып, көзден жас ағызатын газ қолданды.

Вашингтон полициясы оқиға кезінде тағы үш адам қаза болғанын хабарлады. 52 адам бассыздыққа қатысты деген айыппен ұсталды.

Республикалықтардың қарсылығына қарамастан Конгресс сайлау қорытындысын рәсімдеу процесін жалғастырмақ. Республикалықтардың талпынысы демократ Джо Байденнің президент қызметіне кірісуіне кедергі келтіре алмайды. Себебі демократтар Өкілдер палатасындағы басым орынға ие. 7 қаңтарда Конгресс Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін мақұлдағаны хабарланды. ​

Трамп жақтастарының бірі Капитолий ішінде отыр. 

Трамптың әрекеттеріне қарсылығын білдіріп жүрген вице-президент Майк Пенс сессия жұмысы қайта жалғасқан соң "Капитолий ішінде хаос жасау арқылы сіздер жеңіске жете алмадыңыздар" деді.  

Трамп жақтастары Капитолий залында жүр. 
 

Оқиға болып жатқанда Дональд Трамп Twitter желісінде сайлаудағы фальсификация туралы бірнеше жазба жариялап, ашулы жақтастарын тарауға шақырды. Кейін Twitter Трамптың аккаунтын 12 сағатқа бұғаттап тастады.

Капитолий ішінде жасырынып жатқан адамдар. 

Капитолий полициясы Трамп жақтастарына қару кезеп тұр.

Капитолий ішінде атыстан жасырып жатқан адамдар. 

Байден 20 қаңтарда президент қызметіне кірісуі тиіс. Ал инаугурация алдындағы сайлаушылар коллегиясының дауысын санау әдеттегі шара еді. Бірақ бұл процесс биыл кейбір республикалық депутаттардың қарсылығына байланысты үлкен дебатқа айналды.

Батыс елдерінің басшылары Капитолийдегі жағдайға байланысты алаңдаушылыр білдірді. 

Капитолий полициясы адамдарды эвакуациялап жатыр. 

Капитолийдегі жиын алдында Трамп Ақ үй жанында өз жақтастарына қайырылып, БАҚ-ты "қызметім мен сайлауалды кампаниям жайлы анық емес ақпараттар жариялады" деп айыптады. Ол "біз ешқашан берілмейміз, ешқашан жеңілмейміз, ұрлықты тоқтатыңыздар" деді жиналғандар алдында. Трамптың осы сөзінен кейін жақтастары 1,6 шақырым жерде орналасқан Капитолийге беттеді.

3 қарашадағы сайлауда жеңіске жеткен Байден Капитолийде болған жағдайды АҚШ демократиясына "шабуыл" және "бүлік" деп атады.

Трамп жақтастары Капитолий алдында тұр.

Полиция Трамптың ашулы жақтастарын тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды. 

Капитолий алдындағы көрініс. 

9 қарашадағы сайлауда Байден сайлаушылар алқасының 306, Трамп 270 дауысын алған. Кейін Трамп сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, сотқа шағым түсірген. Сот оның 50 арызын қанағаттандырмай тастады.