Әйтеке би мазары

Нұратада 2007 жылы жаңаланып салынған Әйтеке би мазарына зиярат етушілер мен туристер жиі келеді.

Мазарға кіре беріске қойылған Құран аяттары ойылып жазылған мәрмар тас.

Әйтеке бидің бюсті

Әйтеке бидің қабірі

Басқа бір аңыз бойынша Әйтеке бидің Нұратада емес, Ташкенттің түбіндегі Қауыншы ауылында жерленгені айтылады.

Әйтеке бидің өмірбаяны жазылған кітап.

Сабыр аға, Нұратадағы Әйтеке би мазарының шырақшысы, этникалық тәжік.

Мазардың ішкі ауласындағы сәкі (айван)

Әйтеке би мавзолейінің сыртқы көрінісі

Би мазары ескі қорым ауданында тұр, төңірегінен көптеген көне құлпытас көзге шалынады.

Нұратаның ежелгі бекінісінің көне дуалы деп саналатын орын.

Нұрата мен Әйтеке би мазарының жалпы көрінісі

Науаи облысындағы Нұрата қаласында тұратын халық кие тұтатын орынның бірі - осындағы Әйтеке би мазары. 17-ғасырда өмір сүрген Әйтеке би "Қазақ хандығын нығайтуға үлес қосқан қайраткер, хан кеңесшісі" деп сипатталады.