Астанада сайлауалды үгіт-насихат басталды

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталды. Сәуірдің 25-іне дейін жалғасатын саяси науқан үш үміткердің арасында өтпек. Биліктегі «Нұр Отан» партиясы сайлауға ұсынған қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевқа президентшіл Қазақстан коммунистік халықтық партиясынан Тұрғын Сыздықов пен өзін-өзі ұсынған Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов бәсекелес болмақ. Сайлау сәуірдің 26-сына белгіленген. Астана, 26 наурыз 2015 жыл. (Азаттықтың орыс тілінде әзірленген бейнесюжеті)