Қырғызстандағы парламент сайлауы

Қырғызстан парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беру қазанның 4-і, жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8:00-де басталды. Сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 20:00-ға дейін жалғасады.

Суретте: Бішкектегі сайлау учаскелерінің біріне дауыс беруге келген адамдар.

Парламент сайлауына дауыс беруге келген қырғыз сайлаушылары. Бішкек, 4 қазан 2015 жыл.

Ош қаласындағы сайлау учаскесіне парламент сайлауына дауыс беруге келген азаматтар. Қырғызстан, 4 қазан 2015 жыл.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанда бұл жолғы сайлауда дауыс беру құқығына ие 2 миллион 761 мың 297 адам сайлаушылар тізіміне енгізілген.

Қырғызстанның сайлаулар мен референдумдер өткізу жөніндегі орталық комиссиясының хабарлауынша, парламент сайлауына 2 миллион 768 мың 305 бюллетень әзірленген. Оның 2 миллион 239 мың 758-і – қырғыз тілінде, ал 528 мың 547 бюллетень – орыс тілінде басылған.

Суретте: Ош қаласындағы сайлау учаскесіне дауыс беруге келген сайлаушылар. 4 қазан 2015 жыл.

Қырғыз Республикасы парламенттік республика болғандықтан бүгінгі өтіп жатқан сайлау – ел өміріндегі ерекше маңызды оқиға.

Орталық комиссияның хабарлауынша, елдегі парламент сайлауы барысын қадағалау үшін әлемнің 69 елінен 40 ұйымның атынан келген 613 халықаралық бақылаушы тіркелген. Сонымен бірге Қырғызстан сыртқы істер министрлігі осы сайлау жөнінде хабар тарататын 22 шетелдік бұқаралық ақпарат құралының 45 журналисіне аккредитация берген.

Биыл Қырғызстанның бір палаталы парламентіндегі 120 орынға барлығы 14 саяси партия таласып жатыр.

Биылғы парламент сайлауында шетелде 36 сайлау учаскесі ұйымдастырылған.
Суретте: Ресейдің Красноярск қаласында орналасқан сайлау учаскесіндегі Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беру. 4 қазан 2015 жыл.

Ел тарихында алғаш рет бұл сайлауда Қырғызстан азаматтары биометрикалық жеке құжат бойынша сайлауға дауыс беруге қатысады.

Суретте: Ресейдің Екатеринбург қаласында орналасқан сайлау учаскесіндегі Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беру. 4 қазан 2015 жыл.

Сайлау учаскелері сайлау бюллетенін автоматты түрде танитын электронды құрылғысы бар 3695 жәшікпен қамтамасыз етілген. ​Сайлау жәшіктеріне салынған бюллетеньдерді санайтын электрондық жүйе жұмыс істейді. Заң бойынша, егер партия өкілдері негізі бар өтініш жасаса, бюллетеньдер қолмен саналады.

Ресей астанасындағы Қырғызстанның 9001-сайлау учаскесі. Мәскеу, 4 қазан 2015 жыл.

Ресей астанасында орналасқан 9001-сайлау учаскесінде Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беруге келген азаматтар сайлау бюллетенін алып тұр. Мәскеу, 4 қазан 2015 жыл.

Суретте: Ресейдің Санкт-Петербург қаласында орналасқан сайлау учаскесіндегі Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беру. 4 қазан 2015 жыл.

Суретте: Ресейдің Новосибирск қаласында орналасқан 9010-сайлау учаскесінде Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беруге келген қырғыз азаматы сайлау бюллетенін алып тұр. 4 қазан 2015 жыл.

Суретте: Ресейдің Новосибирск қаласында орналасқан 9010-сайлау учаскесінде Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беріп тұрған қырғыз азаматы. 4 қазан 2015 жыл.

Суретте: Ресейдің Владивосток қаласында орналасқан 9004-сайлау учаскесіндегі Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беруге келген Қырғызстан азаматы. 4 қазан 2015 жыл.