«Халық жүрегіндегі қаламгерлер»

Көрме Мұхтар Әуезовтің - 120 жылдығы, Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафиннің - 115, Диқан Әбілев пен Ғали Ормановтың - 110, Әди Шәріповтің - 105, Сафуан Шәймерденов пен Әзілхан Нұршайықовтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жазушылардың портреттері көрме залына кірген бетте оң жақты ілулі тұрды.  

Көрмедегі көп экспонаттар Мұхтар Әуезовтің шығармашылығына байланысты қойылған. Негізінен көрмеде жазушының әр жылдары шыққан кітаптары, Әуезов туындылары негізінде қойылған спектакльдер афишалары, өзінің суреттері болды.  

Мұхтар Әуезов шығармаларының арасында араб тіліне аударылғандары да бар. Бұл жазушының араб тіліне аударылған «Қаралы сұлу» жинағы.

Бұл - Мұхтар Әуезовтің 1935 жылы латын қарпімен басылып шыққан кітабы. Әуезовтің мемориалдық музей-үйінің көрмеге келген директоры Дияр Қонаев ортадағы кітаптың «Тастүлек» пьесасы екенін айтты. 

Сыйлыққа беретін жинақ. Ортада - Мұхтар Әуезовтің портреті салынған қыш табақша. Сол жақта - «Полет» маркалы футлярдағы сағат. Оң жақта - сиясауыттар.  

Бұл - Ғабит Мүсіреповке қатысты коллекцияның экспонаты. 1972 жылы Украинаның Винницк музыка-драма театрына ілінген Ғабит Мүсірепов пьесасының афишасы. 

Ғабиден Мұстафиннің екі куәлігі. Біреуі - 1975 жылы Қазақ ССР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының, екіншісі 1984 жылы берілген «Халық жазушысы» куәлігі.

Көрмеге қолжазбалар аз қойылған. Бұл - Сафуан Шәймерденовтің дәптері мен хаттары.  

Әди Шәріповке арналған экспонаттар. Оның Жазушылар одағы берген куәлігі, Михаил Шолоховпен Мәскеуде 1967 жылы түскен суреті және Киевтегі көрмені ашу кезінде түскен фотосы. 

Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың фотографиялары. 

Жазушының стандартты кабинеті. 

Көрмені көруге келген жастар жазушылар пайдаланған жазу машиналарын қызыға қарады.  

Көрмеге жазушылардың туыстары да келген. Мына суретте Бағдат Шәймерденова (Сафуан Шәймерденовтің жұбайы) мен Мұрат Әуезов (Мұхтар Әуезовтің баласы) әңгімелесіп тұр. Олардың арғы жағында – Жанар Мұстафина (Ғабиден Мұстафиннің қызы). Алдыңғы қатарда сол жақта Индира Шәймерденова (Сафуан Шәймерденовтің қызы) және Жәмиға Орманова (Ғали Ормановтың қызы).

Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейінде наурыздың 1-і күні «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі ашылды.