"Балалығымды ұрладыңыздар!" Климат мәселесін көтеріп жүрген оқушының айтқаны

Your browser doesn’t support HTML5

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының 74 сессиясы өтіп жатыр. Алғашқы күні әлем назары 16 жастағы швед қызына ауды. Жаһанды жылыну, климаттың өзгеру туралы айтып, белсенділігімен танылған Грета Тунберг ұйымның сессиясын ашып, әлем елдері басшыларын сынады. Климат мәселесін көтеріп жүрген оқушы кім? Ол әлем лидерлерінен қандай талап етті?