16 адамнан 1 адам тірі қалған ұшақ апаты

Бішкектегі "Манас" әуежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ 14 қаңтарда сағат 7.16-да "Манас" әуежайынан Тегеран түбіндегі "Пайан" әуежайына ұшып кеткен.

"Манас" әуежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 16 адам болған. Бортта Қырғызстан азаматтары жоқ. Ұшақта 30 тонна ет тиелген.

Алдын ала дерек бойынша, ұшақ бортында 16 адам болған. Оның 15-і қаза тапқан, бір адамның ауруханаға жеткізілген. 

Иран авиация қызметінің өкілі Реза Жафарзаденің айтуынша, ауа райының қолайсыздығынан ұшқыштар әуежайды шатастырып алған. Ет тиеген ұшақ "Пайан" әуежайына қонуы тиіс болған. Бірақ шатасып Карадж қаласындағы "Фарх" әуежайына қонған. Ұшақ қону жолағанын шығып кетіп, қоршауға соғылып, өртенген.

Иран билігі қазірге дейін жеті адамның мәйіті табылғанын хабарлады.

Апатқа ұшыраған ұшақ.

Ұшақ апатқа ұшыраған жерде жүрген құтқарушылар.