Індет кезінде әлем мұсылмандары қалай ораза ұстап жатыр?

Рамазан айының келуін отшашумен қарсы алған Сараево қаласы. 23 сәуір, Босния-Герцеговина. 
 

Мешіт ішінде Құран оқып отырған маска таққан ер адам. Көптеген елдер коронавирусқа байланысты Рамазан айы кезінде мешітке жиналып, тарауық оқуға тыйым салған. 23 сәуір, Босния.

Имам мен қала тұрғыны мешітте құлшылық жасап жатыр. Үкімет коронавирусқа байланысты жалпыұлттық карантин жариялап, тұрғындардың топтасып жиналуына тыйым салған. Монтенегро, 23 сәуір. 

Скопьедегі мешіт алдында жүрген маска таққан жұп. Солтүстік Македонияның мұсылмандар қауымдастығы коронавирус таралмас үшін Рамазан айы кезінде барлық мешітті жабуды жөн көрген. 

Карантин кезінде Мадридтегі бас мешіт қаңырап тұр. 23 сәуір 2020 жыл.  
 

Пешеварда мешіт маңын залалсыздандырып жүрген еріктілер. Пәкістан, 24 сәуір 2020 жыл.
 

Пәкістанның айды бақылау комитеті өкілдері телескоппен жаңа айды бақылап тұр. Жаңа ай көрінген кезде Рамазан айы басталады. 23 сәуір 2020 жыл.

 

Мешітке келгендерге арналған белгіні жапсырып жатқан бала. Жиналғандар соған қарап бір-бірінен алшақ отыруы тиіс. Пәкістан, 23 сәуір 2020 жыл.

Рамазан айы басталар шақта көшеде құрма сатып тұрған сатушы. Ауғанстан, 23 сәуір 2020 жыл. 

 

Кабулдағы шағын наубайханада ауызашарға арнап, печенье әзірлеп жатқан ер адам. 
 

Рамазан айының келуін тойлап жатқан палестиналықтар. 23 сәуір 2020 жыл.
 

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласындағы мешіт күмбезінде пайда болған дәрігерлер суреті. Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге тұрғындар осылайша құрмет көрсеткен. 23 сәуір 2020 жыл.

 

Қаңыраған Бали әуежайы. Мұсылмандар көп тұратын Индонезия коронавирус індетін тежеу үшін әуе және темір жол қатынасын тоқтатқан. 24 сәуір 2020 жыл.