Қазақстанның 10 жүлдесі

16 жастағы Диас Бахраддин каноэ есуден жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанды. 

18 жастағы боксшы Айбек Оралбай 91 келі салмақтың финалында алжирлік Амини Хасидті жеңіп, чемпион атанды. 

17 жастағы Бекарыс Садуақас (сары формада) финалда грузиялық Илья Суламанидзені жеңіп, алтын алды. 

Велоспорттан Қазақстан ұлдар құрамасы (Глеб Брусенский мен Евгений Федоров) командалық жарыста жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы атанды. 

Глеб Брусенский мәреге жеткен сәт. 

Бокстан +91 келіде Дамир Тойбай (сары формада) финалда ресейлік Алексей Дроновтан жеңіліп, күміс жүлде иеленді.
 

Бокстан 64 келіде Талғат Шайкен (сары формада) финалда ресейлік қарсыласы Илья Поповтан жеңіліп, күміс медаль алды. 

Талғат Шайкен (көк формада) финалда ресейлік Илья Поповпен бокстасып жатыр. 

Дзюдодан қыздар арасында 78 келіде Маргарита Гриценко (сары формада) финалда Германия спортшысы Раффаэла Иглден жеңіліп, күміс алды. 

Каратэден 68 келіде Әбілмансұр Батырғали (көк қолғапта) - жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері. 

Бокстан қыздар арасында 75 келіде Надежда Рябец (18 жаста) жасөспірімдер олимпиадасының қоласын иеленді. 

Қыздар арасындағы байдарка есу жарысында қазақстандық Стелла Суханова (сары формада) қола жүлдегер атанды.