Прокурор мен белсендінің «митинг» туралы уәждері

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы қалалық ауданаралық әкімшілік соты азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевты «заңсыз жиын өткізгені» үшін 15 тәулікке қамады. Маусымның 28-і күні Алматыдағы тәуелсіздік ескерткішіне гүл қоюға барғаны үшін жауапқа тартылған Нарымбаев «жиын болған жоқ» деп мәлімдеді. Бостандық ауданының прокуроры Әлібек Айтжанов белсендінің гүл қойғандағы ісін «митинг» деп бағалады. Сот прокурордың ұстанымын қолдады.