"Украина ешқашан жалғыз қалмайды". АҚШ Зеленскийді қалай қарсы алды?

Украина президенті Зеленский мінген көлік Ақ үйге келген сәт. Оны АҚШ президенті Джо Байден мен бірінші ханым Джилл Байден қарсы алды. 21 желтоқсан 2022 жыл. 
 

Байден Зеленскиймен кездесуде "Украина ешқашан жалғыз қалмайды" деп Вашингтон Киевке көмек көрсете беретінін айтты. 

Зеленский сапары Конгресс бюджет шығынына дауыс беруге дайындалып жатқан сәтпен тұспа-тұс келді. Бұл бюджетте Украинаға 45 млрд доллар болатын көмек көрсету де қарастырылған. 

Егер соғыс ұзаққа созылып, Вашингтон Украинаға көмек көрсете берсе АҚШ-тың өз ішінде инфляция өсіп кете ме деген қауіп те бар. 

Зеленский Байденге Бахмут қаласын қорғаушылар берген сыйлықты табыстады. 

 

Зеленский Конресстегі эмоцияға толы сөзінде америкалықтарға "Украина Ресейге қарсы тұрып, барлық еркін халықтардың мүддесін қорғап жатыр" деді. 

 

Зеленскийдің Конгресстегі сөзінің мәтіні. 

Зеленский Бахмуттан әкелген Украина туын АҚШ вице-президенті Камала Харрис (сол жақта) пен өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосиге (оң жақта) табыстады. 

 

Пелоси Зеленскийге АҚШ туын берген сәт. 

Конгресс Зеленскийді қошеметпен шығарып салды. 

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы алғаш рет шетелге сапарлап барды. Ол 21 желтоқсанда Вашингтонда АҚШ президенті Джо Байденмен кездесіп, АҚШ Конрессінде сөз сөйлеп, америкалықтардың қолдауына алғыс айтты. Зеленский АҚШ-қа барған күні Ақ үй Украинаға құны 1,85 млрд доллар болатын әскери көмек беретінін жариялады. Бұл көмекке Американың Patriot әуе қорғаныс жүйесі де кіреді.