Сот шешіміне ашынған жаңаөзендік ереуілшілер аштық жарияламақ

Your browser doesn’t support HTML5

Ақтау қалалық соты Жаңаөзендегі жедел жәрдем қызметкерлерінің жеті күннен бері жалақыны көтеруді талап еткен ереуілін заңсыз деп таныды. Сот шешіміне жүгінген басшылық 11 адамды жұмыстан шығарып үлгерген. Енді сот пен басшылықтың шешіміне ашынған топ аштық жариялауға бекініп отыр.