Accessibility links

Әблязовтың соты


Әблязовтың соты
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:26 0:00

Франциядағы Экс-ан-Прованс қаласы соты қазақстандық қуғындағы олигарх, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты Украина немесе Ресейге экстрадициялау туралы шешім шығарды. Әблязовтың қызы Мәдина оппозициялық қайраткер ретінде танымал әкесін аталған екі елге беру «өлімге байлаумен тең» екенін айтып, «адам құқықтары мен сөз бостандығын бұзатын мұндай шешім - француз әділет жүйесі үшін масқара жағдай» деп мәлімдеді. Әблязовтың адвокаттары Украина мен Ресейдегі әділет жүйесі адам құқықтары жайлы Еуропа конвенциясына сай емес екенін айтып, сот шешіміне шағым түсіретіндерін хабарлады. Франция соты Әблязовтың қорғаушыларына Ресейге экстрадициялау бойынша апелляциялық шағым беру үшін 7 күн, Украина бойынша 5 күн уақыт берді.

XS
SM
MD
LG