Accessibility links

Луганскідегі ресейшілдер шеруі


Луганскідегі ресейшілдер шеруі
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:04 0:00

Украина қауіпсіздік қызметінің Луганск қаласындағы басқармасын ресейшіл белсенділер басып алды. Мекемеге тас лақтырып, есігін бұзып кірген топ екінші қабатқа шығып, ғимараттың төбесіне Ресей туын тікті. Кейбіреулер әскери әуе-десант күштерінің туын ұстап, «ВДВ!», «Ресей!» деп ұрандаған. 6 сәуірде Украинаның шығысындағы тағы екі қалада – Харьков және Донецкіде ресейшіл демонстранттар үкіметтік мекемелерге басып кірген. Наразы топ билікке Қырымдағыдай референдум өткізу туралы талап қойған. Тәртіпсіздіктерге байланысты Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов бүгін Литваға жоспарлаған сапарын тоқтатты. Ішкі істер министрі Арсен Аваков Ресей президенті Владимир Путин мен Украинаның биліктен тайдырылған бұрынғы президенті Виктор Януковичті "елдің шығысында сепаратистік әрекеттерге қолдау көрсетіп отыр" деп айыптады.

XS
SM
MD
LG