Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

17:55 14.3.2020

Алматы әкімдігі митингіге рұқсатты қайтарып алды

Алматы әкімдігі 15 наурызда белсенділер өткізейін деп отырған бейбіт митингіге рұқсатты қайтарып алды деп хабарлады дәрігер Қайырғали Конеев Facebook-тағы парақшасында. Бұған дейін белсенділер Денсаулық кодексі жобасындағы даулы жайттарға байланысты митинг өткізу үшін қала билігінен рұқсат алған еді. Әкімдік коронавирус тарап жатқан шақта қоғамдық шараларға тыйым салынғанын айтқан.

Былтырдан бері Қазақстанның түрлі аймағында белсенділер Денсаулық кодексі жобасына қарсы онлайн-петиция құрастырып, ондағы бірқатар жайттармен келіспейтінін айтып келеді. Белсенділер жобадағы балаларға екпе салдыруды міндеттеу, адам көз жұмғаннан кейін туыстарының рұқсатынсыз адам ағзасын шетелге шығаруға рұқсат беретін өзгерістерге қарсы.

18:14 14.3.2020

Бас санитарлық дәрігер коронавирус тараған елдердің тізімін өзгертті

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус тараған елдерді категория бойынша бөлу тізіміне өзгеріс енгізді. Оған сәйкес:

  • 1А елдер қатарына Иран мен Италия кіреді, бұл елдерден келгендер міндетті түрде 14 күн стационарда карантинде болады;
  • 1Б елдер қатарына Қытай, Оңтүстік Корея, Германия, Испания, Франция кіреді. Бұл жақтан келгендер 14 күн үй жағдайында карантинде болады;
  • 2 категориядағы елдер қатарына Австрия, Бельгия, Дания, Катар, Норвегия, Нидерланды, БАӘ, Швейцария, Швеция жатады. Бұл елдерден келгендер тұрғылықты мекенжайы бойынша дәрігерлер бақылауында болады;
  • 3 категориядағы елдерге Әзербайжан, Ұлыбритания, Ирак, Люксембург, Словения, АҚШ, Чехия кіреді.

Қаулы 17 наурызда күшіне енеді.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда алты адамнан коронавирус табылған. Үш ер адам, үш әйел. Олардың барлығы дерлік Еуропадан ұшып келген. Үшеуі - Германия, біреуі - Италия, біреуі - Варшава, біреуі Мәскеуден келген. Олардың төртеуі Алматы, екеуі Нұр-Сұлтандағы карантиндік стационарларда емделіп жатыр. Олармен бірге бір ұшақта келгендердің бір бөлігі карантинге жатқызылған, қалған бір бөлігін дегсаулық сақтау министрлігі іздеп жатыр.

14 наурызда ДДСҰ төрағасы Тедрос Адханом Гебрейесус Еуропаның жаңа коронавирус ошағына айналғанын хабарлады. Оның айтуынша, коронавирусты жұқтырғандар мен одан көз жұмғандар саны бойынша қазір Еуропа әлемде Қытайдан кейінгі екінші орында тұр.

19:37 14.3.2020

Әлемдегі жағдай

Коронавирусқа байланысты соңғы деректі жариялап отырған америкалық Джон Хопкинс университетінің дерегінше, 14 наурызда әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны 148 мыңнан асқан. 5500-ден астам адам көз жұмған, 71 мыңнан астам адам айыққан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа жаңа вирустың ошағына айналды деп мәлімдеді.

Италияда соңғы тәулікте 250 адам көз жұмған, осылайша қайтыс болғандардың саны 1266-ге жеткен. Шамамен 17 600 адамнан вирус табылған.

Испанияда вирус жұқтырғандар саны күрт артты. Үкімет 60 мыңнан астам адамды карантинге жіберді.

Францияда 800 адамнан вирус табылғаны анықталды. Науқастардың жалпы саны 3600-ден асты. Ұлыбританияда бір тәулік ішінде вирус жұқтырғандар саны 590-нан 798-ге көбейді. Чехияда 150 адамға вирус жұққан.

Маска таққан қала тұрғындары. Прага, наурыз айы 2020 жыл.
Маска таққан қала тұрғындары. Прага, наурыз айы 2020 жыл.

Украина парламентінің жетекшісі 17 наурыздан бастап әуе рейстерін тоқтатынын хабарлады. Бұған дейін Украина шетел азаматтарының елге кіруіне тыйым салатынын айтқан. 13 наурызда Украинада вирустан бір адам көз жұмды.

Соңғы дерек бойынша, АҚШ-та 50 адам вирустан көз жұмған. 1700-ден астам адамнан вирус табылған. Мыңдаған мектеп жабылып, концерттер, спорттық шараларға тыйым салынды.

Ал Қытайда COVID-19 таралуы күрт бәсеңдеді. Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссиясының дерегінше, соңғы тәулікте 13 адам көз жұмған, 11 адамнан коронавирус табылған. Індет басталғаны бері 65 мыңнан астам адам аурудан айыққан.

22:26 14.3.2020

Қолды қалай жуу керек? Тағы бір рет еске саламыз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан сақтану үшін қолды тазалап жууға кеңес береді. Қолды қалай жуу керек? Бір минутыңызды бөліп көріп шығыңыз.

Қолды қалай жуу керек?
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:07 0:00

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG