Accessibility links

Дауыс беруге келген сайлаушы. Алматы, 20 қараша 2022 жыл.
Дауыс беруге келген сайлаушы. Алматы, 20 қараша 2022 жыл.

Кезектен тыс президент сайлаудың толық хроникасы

Кезектен тыс сайлауға алты кандидат - қазір билікте отырған 69 жастағы Қасым-Жомарт Тоқаев пен көпшілік онша танымайтын бес адам түсіп отыр. Кей сарапшылар мен халықаралық талдаушылар Ақорданың берген уәдесіне қарамастан, сайлау шынайы саяси бәсекесіз өтіп жатыр деп есептейді.

13:08 20.11.2022

Тәтті-дәмді, тамақ түрлері, қат заттар саудасы. Егер сіз Совет одағы тұсындағы сайлауларды көрген болсаңыз, сайлаушыларды дауыс беруге тартудың осындай амалдары есіңізде шығар. Жаппай "дефицит" заманымен қоса Совет одағы да тарих қойнауына кеткенімен, одан қалған әлгіндей әдіс-айланы қолдануды жөн санайтындар әлі де бар сияқты. Сайлау күні дауыс беретін жерге ет, жұмыртқа, т.б. тұтыну заттарын әкеліп, сауда ұйымдастыру азаматтардың дауыс беруге ықыласын оята ала ма? Оның жауабын осындай шараны ұйымдастырушылар білмесе, басқа ешкім дөп басып айта алмайды.

Азаттық тілшілері сайлау күні түсірген суреттер:

Ақтөбе қаласындағы 550-сайлау учаскесі орналасқан "Геологтар" мәдениет үйінің ішінде ет сатып тұрған адам. 20 қараша 2022 жыл.
Ақтөбе қаласындағы 550-сайлау учаскесі орналасқан "Геологтар" мәдениет үйінің ішінде ет сатып тұрған адам. 20 қараша 2022 жыл.
550-сайлау учаскесі алдында "Тұрақтандыру қорының өнімдерін" сатып тұрған адам. Ақтөбе, 20 қараша 2022 жыл.
550-сайлау учаскесі алдында "Тұрақтандыру қорының өнімдерін" сатып тұрған адам. Ақтөбе, 20 қараша 2022 жыл.
495-сайлау учаскесі алдындағы жұмыртқа саудасы. Жалпақтал ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысы, 20 қараша 2022 жыл
495-сайлау учаскесі алдындағы жұмыртқа саудасы. Жалпақтал ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысы, 20 қараша 2022 жыл

12:55 20.11.2022

Теміртаудағы 316-сайлау учаскесінде бір адам сайлау жәшігіне кемінде екі бюллетень тастап, сайлау учаскесінен шығып кетті. Оған куә болған Азаттық бұл жайтқа комиссия мүшелері мен байқаушылардың назарын аудармақ болды. Бірнеше байқаушы "ештеңе көрмегенін" айтты. Тек тілші бірден артық бюллетень тастау заңға қайшы екенін ескерткен соң байқаушылардың бірі әлгіндей оқиға болғанын растады. Сайлау комиссиясындағылар бір адамға екі бюллетень "қателесіп берілген болуы мүмкін" деді.

Көп ұзамай сайлау учаскесіне сайлау барысын бақылайтын және мониторинг жүргізетін республикалық комиссия өкілдері барды.

12:46 20.11.2022

"Еркіндік қанаты" бірлестігі 20 қарашада байқаушылары кейбір сайлау учаскелеріне кіре алмағанын, оларға ақпарат беруден бас тартқанын, астанада бір байқаушыны сайлау учаскесінен шығарып жібергенін хабарлады.

Тәулесіз байқаушылар бірлестігі өздеріне сайлауға дейін де қысым жасалғанын мәлімдеген. Олар ақпараттық шабуылға тап болғанын, байқаушыларды жаттықтыратын орынды жалға алмақ болғанда қиындыққа және басқа да кедергілерге кезіккенін айтып, мұны өздерінің жұмысына тосқауыл қою және қысым көрсету деп атаған.

12:35 20.11.2022

Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы 316-сайлау учаскесіндегі комиссия мүшесі Азаттық тілшісін сайлау учаскесіне кіргізбеуге тырысты. Әуелі журналистің фото мен видеоға түсіруіне тыйым салмақ болды. Кейін қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Шевченко телефон арқылы "журналиске сайлау учаскесіне кіруге болмайды, учаскенің сырт жағынан ғана" бақылай алады деді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG