Accessibility links

Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.
Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Қазақстанда президент сайлауы өтті

Қазақстанда 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Азаттық сайлау барысы туралы тікелей желіде хабар таратты.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос елде 9741 сайлау учаскесі бар екенін хабарлады.

Ақмола облысында - 808, Ақтөбе облысында - 521, Алматы облысында - 883, Атырау облысында - 232, Шығыс Қазақстан облысында - 1079, Жамбыл облысында - 461, Батыс Қазақстан облысында - 520, Қарағанды облысында - 784, Қызылорда облысында - 345, Қостанай облысында - 847, Маңғыстау облысында - 177, Павлодар облысында - 576, Солтүстік Қазақстан облысында - 709, Оңтүстік Қазақстан облысында - 1029, Астана қаласында - 254, Алматы қаласында 513 сайлау учаскесі жұмыс істеген.

13:08 26.4.2015

Астанадағы 17-сайлау учаскесі мүшелері сағат 13:00-ге дейін сайлаушылардың 22 пайызы дауыс бергенін айтады.

13:06 26.4.2015

Астанаға Сербиядан келген бақылаушылар "сайлаушылардың белсенділігін байқағандарын" айтады. Олар алты сайлау учаскесінде болған.

13:04 26.4.2015

13:03 26.4.2015

Астанадағы 17-сайлау учаскесіне келген кей тұрғындар тізімнен аты-жөндерін таба алмады. Кейбір тұрғындардан мекен-жай анықтамасын сұрап жатыр.

Тағы

XS
SM
MD
LG