Accessibility links

Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.
Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 24-28 ақпан арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне төрт күннен асты. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Украина қарулы күштері мен Ресей әскері арасында шайқас жүріп жатыр.

Украина жағы Ресейдің үш мыңнан астам әскери қызметкері қаза тапты дейді. Ресей 27 ақпан күні сарбаздарының опат болғанын алғаш рет мойындады, бірақ нақты санын айтпады. Украина сарбаздары арасында жүздеген адам опат болған, қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және көптеген өзге ел Мәскеуге қарсы санкцияны күшейтіп жатыр. Еуроодақ елдері Украинаға шабуылдаушы ұшақтар беретін болды. Ресей президенті Владимир Путин Ресей ядролық қаруын арнайы тәртіпке көшіруді бұйырды.

Еуроодақ Ресей ұшақтарына әуе кеңістігін жауып, Кремльге жақын Sputnik және Russia Today бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропа елдеріндегі жұмысына тыйым салмақ.

05:46 25.2.2022

Ресейлік актер, композитор Борис Гребенщиков "Бұл соғыс – есуастық және Ресейге қара таңба" деп жазды.

07:33 25.2.2022

УНИАН агенттігі Киевте жарылыстар болғанын жазды

08:40 25.2.2022

Украина төтенше жағдай қызметі Киевтің оңтүстік-шығысында шабуылдан кейін қираған көп қабатты ғимараттың суретін жариялады.

09:28 25.2.2022

НАТО Украина бойынша шұғыл отырыс өткізеді. Жұма күні Киев уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG