Accessibility links

Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.
Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 24-28 ақпан арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне төрт күннен асты. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Украина қарулы күштері мен Ресей әскері арасында шайқас жүріп жатыр.

Украина жағы Ресейдің үш мыңнан астам әскери қызметкері қаза тапты дейді. Ресей 27 ақпан күні сарбаздарының опат болғанын алғаш рет мойындады, бірақ нақты санын айтпады. Украина сарбаздары арасында жүздеген адам опат болған, қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және көптеген өзге ел Мәскеуге қарсы санкцияны күшейтіп жатыр. Еуроодақ елдері Украинаға шабуылдаушы ұшақтар беретін болды. Ресей президенті Владимир Путин Ресей ядролық қаруын арнайы тәртіпке көшіруді бұйырды.

Еуроодақ Ресей ұшақтарына әуе кеңістігін жауып, Кремльге жақын Sputnik және Russia Today бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропа елдеріндегі жұмысына тыйым салмақ.

20:10 25.2.2022

Украина билігі Батыс елдері қолдан келер барлық қадамға бармай отыр деп налиды

"Санкция салуға болатын барлық мүмкіндіктер пайдаланылған жоқ. Ресейге қысым күшеюі тиіс. Осыны [Еуропа комиссиясының президенті] Урсула фон дер Ляйенге айттым. Президентке қосымша қаржылай көмек жөніндегі шешімі үшін алғыс білдіремін» деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба да Батысқа наз айтты.

"Еуропаның екі ойлы болып отырған кей лидерлеріне: жыл сайын еске алу шарасында "ешқашан қайталанбасын" деп айтасыздар. Қазір осыны дәлелдейтін сәт түсіп тұр. Ресей Еуропада жантүршігерлік соғыс агрессиясын бастап отыр. Сіздердің "ешқашан қайталанбасындарыңыз" сыналмақ. Ресейді SWIFT-тен ажыратыңыздар, барлық жерден шығарыңыздар" деді ол.

Азаттық осыған дейін SWIFT деген жүйені не екенін, одан Ресейді ажыратса, не болатынын жазған.

21:11 25.2.2022

Қазірге дейін қанша адам қаза болды?

Ресейдің Украинаға жасаған шабуылы айналасындағы ақпараттар тез өзгеріп жатыр. Қазірге дейін белгісі Ресей әскері Киевке кірген. Екі жақтан қанша адам қаза болғаны жайлы деректер шығып жатыр. Бірақ бір ескерер жайт, бұл – Украина мен басқа елдердің билігі таратқан статистика, соғыс жағдайында деректерді тәуелсіз дереккөздерден тексеруге мүмкіндік бола бермейді.

  • Украина қорғаныс министрлігі Ресейдің мыңнан аса әскериі қаза тапты дейді.
  • Ұлыбританияның әскери күштер министрлігі 450 ресейлік солдат оққа ұшқанын, 194 украиналық (оның ішінде 57 бейбіт тұрғын) қаза болғанын айтайды.
  • БҰҰ елдегі әуе шабуылдарынан 25 бейбіт тұрғын опат болып, кемі 102 адам жараланғанын мәлімдеді.
  • Ресей тарабы Киевтің маңындағы Гостомель әуежайын алу кезінде Украинаның 200 әскериінің «көзі жойылды» дейді.
  • Бейсенбі Украина денсаулық сақтау министрлігі 137 әскери қаза болғанын хабарлады.
22:17 25.2.2022

Украинадағы соғыс. 25 ақпанда не болды?

  • Ресей әскері Киевке кіріп, қалада жарылыс дауыстары естілді. Украина президенті Зеленский Киевте екенін мәлімдеді.
  • Украина билігі тұрғындарға Молотов коктейлін жасап, елді қорғауға шақырды. Елдің ІІМ еріктілерге 18 мың қару берілгенін мәлімдеді.
  • Украина Ресейдің 80 танкісін, 500 бронетехникасын, 7 тікұшағын, 10 ұшағын жойып; 2800 әскериін өлтірдік деп мәлімдеді. Ресей тарабы Киевтің маңындағы Гостомель әуежайын алу кезінде Украинаның 200 әскериінің "көзі жойылды" дейді. Бұдан бөлек, Мәскеу 6 әскери ұшақ, 1 тікұшақ, 5 ұшқышсыз аппарат, 67 танк, 87 әскери машина жойдық деді. Бұл ақпараттарды тәуелсіз дереккөздерден растау мүмкін болмады.
  • АҚШ қорғаныс министрлігі Ресейдің әскерилері темптен жаңылып, күтпеген қарсылыққа ұшырады деп мәлімдеді.
  • ЕО Ресей президенті Путин мен сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың активтерін бұғаттады.
  • Путин Украина әскерилерін билікті төңкеруге шақырды.
  • Халықаралық олимпиада комитеті спорт федерацияларын Ресей мен Беларусьте жарыс ұйымдастырмауға шақырды. УЕФА футболдан биыл мамырда Санкт-Петербургте өтуі тиіс Чемпиондар лигасы финалын Парижге ауыстырды. Формула-1 автожарысының Сочидегі кезеңі өтпейді.
  • Биылғы Евровидение байқауына Ресей әншілері қатыспайды.
  • Ресей билігі Facebook жұмысына "шектеу қоятынын" мәлімдеді.
  • Ресейде желілерде #нетвойне (соғыс болмасын) хэштегімен пост көп жазылып жатыр.
06:17 26.2.2022

Украина ақпарат құралдары Киев түбіндегі Троещина және Васильков аудандарында ауыр шайқас жүріп жатқанын хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, Ресей әскері қаланы жылумен қамтамасыз ететін ТЭЦ-6 нысанын істен шығаруға тырысып жатыр.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG