Accessibility links

Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.
Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 24-28 ақпан арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне төрт күннен асты. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Украина қарулы күштері мен Ресей әскері арасында шайқас жүріп жатыр.

Украина жағы Ресейдің үш мыңнан астам әскери қызметкері қаза тапты дейді. Ресей 27 ақпан күні сарбаздарының опат болғанын алғаш рет мойындады, бірақ нақты санын айтпады. Украина сарбаздары арасында жүздеген адам опат болған, қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және көптеген өзге ел Мәскеуге қарсы санкцияны күшейтіп жатыр. Еуроодақ елдері Украинаға шабуылдаушы ұшақтар беретін болды. Ресей президенті Владимир Путин Ресей ядролық қаруын арнайы тәртіпке көшіруді бұйырды.

Еуроодақ Ресей ұшақтарына әуе кеңістігін жауып, Кремльге жақын Sputnik және Russia Today бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропа елдеріндегі жұмысына тыйым салмақ.

06:22 26.2.2022

Украина әуе күштері Киевтен 30 шақырым жерде Васильков қаласында Ресей әскерімен шайқас жүріп жатқанын растады. Ведомство мәліметінше, Ресей әскері десанттарын түсіруге талпынған.

06:30 26.2.2022

АҚШ Путин, Лавров, Шойгу және Герасимовке санкция салды

АҚШ қаржы министрлігі Украинаға байланысты Ресейге жаңа санкция жариялады.

Санкция тізіміне Ресей басшысы Владимир Путин енді. Бұған қоса, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, қорғаныс министрі Сергей Шойгу, бас штаб жетекшісі Валерий Герасимовке де санкция салынды. Шектеу шаралары олардың активтерін бұғаттап, АҚШ-қа кіруіне тыйым салады.

Владимир Путин.
Владимир Путин.

Еуроодақ та Путин мен Лавровты санкция тізіміне енгізген, бірақ онда мәселе тек активтерді бұғаттауда ғана болып отыр. Одақ аумағына кіруге немесе шығуға тыйым салынбаған. ЕО сонымен бірге Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары, елдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев, премьер-министр Михаил Мишустин, ішкі істер министрі Владимир Колокольцев, президенттің экология мәселелері жөніндегі арнайы уәкілі Сергей Ивановке де санкция салған.

Бұған қоса, Ресейдің қаржы секторына қосымша шектеу қойылды, Ресейге мұнай өңдеу, ұшақ және әуе техникасына арналған жабдықтарды экспорттауға тыйым салынды, санкцияға ірі ресейлік кешендер ілінді. Бұған қоса, бірқатар категорияға кіретін Ресей азаматтарына жеңілдетілген жағдайда виза берілмейтін болды. Бірақ Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салынған жоқ.

Путинге Ұлыбритания мен Канада да жеке санкция салды.

06:49 26.2.2022

26 ақпанға қараған түн. Киев:

07:37 26.2.2022

Washington Post: АҚШ Зеленскийге пана ұсынды, президент Киевте қалады

Washington Post дереккөзге сүйене отырып, Вашингтон Украина президенті Владимир Зеленскийге Киевтен кету бойынша көмек ұсынғанын жазды.

Зеленский 25 ақпанда Киевте қалатынын мәлімдеді. 26 ақпанға қараған түні Киевтің түрлі аудандарында шайқас жүріп жатқаны хабарланды, Украина билігі ресейлік диверсиялық топтарды жойғанын мәлімдеді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG