Accessibility links

Соғыс басталған күн. СССР-дың "Польша жорығы" мен Ресейдің "арнайы әскери операциясы"


Соғыс басталған күн. СССР-дың "Польша жорығы" мен Ресейдің "арнайы әскери операциясы"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:18 0:00

1939 жылы Польшаға шабуылдаған Германияның ізінше совет әскері де Польшаға басып кірді. Мәскеу мұны "Польшаның нацистік билігінен жапа шеккен украиндер мен беларустарға көмектесу" деп түсіндірген. 2022 жылғы 24 ақпанда Украинаға шабуылдаған Ресей президенті Владимир Путин де осындай уәж айтқан еді.

1939 жылы, 2-дүниежүзілік соғыс басталар алдына Совет одағы мен Германия өзара шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойды. Бұл шарттың құпия хаттамасында Совет одағы Польшаның шығысын, Германия батысын алатыны көрсетілген. Германия Польшаға шабуылдаған соң, артынша совет әскері де Польшаға басып кірді. Мәскеу мұны халыққа "Польшаның нацистік билігі құқықтарын таптаған укариндер мен беларустарға көмектесу" деп түсіндірген. 2022 жылғы 24 ақпанда Украинаға басып кіргенде Ресей президенті Владимир Путин де осыған ұқсас уәж айтқан еді.

XS
SM
MD
LG