Accessibility links

Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.

Соғыстың үшінші аптасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

19 наурыз. Украинадағы соғыста қазірге дейін болған оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығыңыз.

  • Ресей әскері Украинаның оңтүстік-шығысындағы стратегиялық маңызды портты қала Мариупольге кіргенін хабарлады.
  • Киев Мариуполь түбіндегі "Азовсталь" металлургия комбинатында шайқас жүріп жатқанын мәлімдеді.
  • Украина билігі 19 наурызда атқылауға ұшыраған қалалардан тұрғындарды эвакуациялауға арналған он гуманитарлық дәліз ашылатынын айтты.
  • Еуроодақ билігі санкцияға ілінген ірі ресейлік кәсіпкерлердің активтерін соғыс аяқталған соң Украинаны қалпына келтіруге жұмсау мүмкіндігін талқылап жатыр деп хабарлады Bloomberg.
  • Сенбі күні Ресейде соғысқа қарсы акциялар өтіп, Санкт-Петербургте кемінде бес адам ұсталған. Полиция тәуелсіз басылым тілшілерінің үйіне барған.
  • Болгария Украинадағы соғысқа байланысты Ресей газынан бас тартады.
  • АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің Украинаға басқыншылығын талқылады. Байден Сиге Қытай Ресейге көмектессе, салдары ауыр болатынын ескертті.
  • БҰҰ: Соғыс басталғалы Украинада кемі 816 бейбіт тұрғын қаза болды. Ұйым құрбандар саны бұдан да көп деп есептейді.
  • Литва, Латвия, Эстония және Болгария ресейлік дипломаттарды елден шығарады.
  • Киев билігі соғыс басталғалы қалада 222 адам қаза тауып, 889 адам жараланды деп мәлімдеді.
  • Мариуполь қаласындағы драма театрға шабуылдан 1300 адам зардап шеккен. Құтқарушылар бүлінген театрда қалып қойған 130 адамды құтқарды.
  • Ресей билігі "Қырымның Ресей құрамына қосылғанын" атап өтті. Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен шараға 203 мыңдай адам қатысқаны айтылды. Бұл шараға Путин келіп, сөз сөйледі.
18:54 17.3.2022

Еуропаның ғарыш агенттігі (ESA) Ресейдің Украинаға басқыншылығынан соң Роскосмоспен ExoMars бағдарламасы бойынша серіктестігін тоқтатады. ESA мен Роскосмос бұл бағдарлама аясында 2022 жылы қыркүйекте Марсқа ғарыш аппаратын жіберуді жоспарлаған еді.

18:26 17.3.2022

Чернигов қаласының әкімшілігі Ресей әскерінің шабуылынан қалада 53 бейбіт тұрғынның қаза болғанын мәлімдеді.

17:55 17.3.2022

Мариупольде 1887 жылы салынған драма театрға бомба түсіп, біраз бөлігі бүлінді. Театрдың бомбаланған және бомбаланғанға дейінгі көрінісі.

17:44 17.3.2022

Байден Си Цзиньпинмен сөйлесіп, Украинадағы соғысты талқыламақ

АҚШ президенті Джо Байден жұма, 18 наурыз күні Қытай басшысы Си Цзиньпенмен телефон арқылы сөйлесіп, "Ресейдің Украинаға қарсы соғысын және өзге де ортақ мәселелерді» талқылайды. Бұл туралы Ақ үй мәлімдеді.

Қытай билігі Ресейдің Украинаға басып кіруін ашық айыптамады. Ал өткен күндері Мәскеудің Пекиннен әскери және экономикалық көмек сұрағаны туралы хабар тарады. Қытай мұны ресми түрде растаған жоқ.

Дүйсенбі, 14 наурыз күні Ақ үйдің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Римде Қытайдың сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Яном Цзечимен жеті сағат сөйлескен.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG