Accessibility links

Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 9-13 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы сақтандыру компаниялары Ресейдің әуе кеңістігін сақтандырудан бас тартқаннан кейін Ресейге ұшуын тоқтатты. Qazaq Air ұшақтары Нұр-Сұлтаннан Омбы мен Новосибирскіге ұшқан.

Николаеводағы онкодиспансер атқылауға ұшырады

Украина билігі Ресей әскерін елдің оңтүстігіндегі Николаев қаласында онкология диспансерін атқылады деп айыптады.

Диспансердің бас дәрігері Максим Безносенконың айтуынша, атқылау кезінде ауруханада бірнеше жүз науқас болған. Ғимарат бүлінген, терезелер шағылған. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, қайта ешкімге оқ тимеген.

Ресей әскері Киев облысы аумағына әскері мен техникасын жиып жатыр. Тұрғын үйлер мен маңызды инфрақұрылым нысандарын атқылауын доғармады. Украина билігі бейбіт тұрғындарды ең қауіпті аудандардан шығаруға күш салып жатыр.

YouTube Ресейдің мемлекеттік арналарының парақшасын жапты

YouTube видеосервисі Ресей мемлекеттік арналарының парақшасын жапты. Сервис бұған қоса, YouTube саясатына қайшы Украинадағы соғыс туралы видеоматериалдарды да жояды. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлады.

Жұма күні кешке YouTube'те ресейлік мемлекеттік арналардың бағдарламалары көрсетілмеді. Алайда іздеу тетігінен әлі де болса аймақтық және балалар арнасын табуға болады. Youtube иесі Alphabet Inc (GOOGL.O) Google компаниясының айтуынша, Ресейдің Украинаға басып кіруі күш көрсетумен байланысты оқиғаларды қамту туралы компания ережелеріне қайшы және ережені бұзған материалдар өшіріледі.

Бұған дейін Ресейде мемлекеттік және билікшіл басылымдардың әлеуметтік желідегі парақшалары бұғатталған. Желтоқсанда YouTube ресейлік RT мемлекеттік арнасының парақшасын жойғаннан кейін Рсоскомнадзор сервисті бұғаттайтынын айтып, қоқан-лоқы жасаған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG